Өз қалаңызды таңдаңыз:
Астана
Өз қалаңызды таңдаңыз:
Астана
Өтінім нысаны
«Деньги Маркет» маманы сізге 7 минут ішінде қоңырау шалады
«Маған қайта қоңырау шалу» батырмасын басып, сіз деректерді өңдеу шарттарымен келісесіз

Демалысқа ақшаны қайдан табуға болады?

Қазақстан мен Ресей азаматтарының көпшілігіне жазда теңізде демалу үшін кем дегенде бір жыл бойы ақша жинауға тура келеді. Дегенмен, небәрі бір-екі апта бойы жақсы демалу үшін қатаң үнемділік міндетті түрде моральдық денсаулыққа әсер етеді. Бір жыл бойы әр тиынды санамай, рақаттана өмір сүру үшін адамдар шетелге баруға банктен несие алғанды ​​немесе несие картасын рәсімдегенді жөн көреді. Жылдам қарыз алудың басқа да тәсілі бар – автоломбардтың қызметтерін пайдалану.

 

Ақша табудың негізгі тәсілдері

Егер сізге демалыс үшін ақша қажет болса, бірақ оны белгіленген мерзімде жинай алмасаңыз, онда сапарға ақшаны бірнеше тәсілмен тез алуға болады:

  • Несие немесе несие картасын ресімдеу. Кейбір несие карталарында қарызға алынған ақшаны пайдаланғаны үшін пайыздар алынбайтын жеңілдік кезеңі бар. Егер сапарға қолма-қол ақшасыз төлеп, ақшаны жеңілдік кезеңінің соңына дейін қайтара алсаңыз, онда қарызды алу тегін болады. Егер ақшаны несие картасынан шешіп алсаңыз, онда комиссия беруге тура келеді, ол орташа есеппен 2,5-тен 5% дейін құрайды. Әдеттегі банктік несиеге артықшылық берілмейді, өйткені кез келген жағдайда ол үшін пайыздарды төлеуге тура келеді;
  • Таныстардан мен туыстардан қарызға ақша алу. Бұл тәсілдің артықшылығы – ақшаны пайдаланғаны үшін пайыздардың, сондай-ақ төлемді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдардың болмауы. Бірақ енді үлкен соманы қарызға беруге келісетін таныстарды тауып алу керек. Балама нұсқа – жұмыста жалақының жартысына тең алғытөлем сұрап алу. Компанияда ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген қызметкерлерге беруі мүмкін;
  • Несие одағына кіру. Несие одағында ақша алу қиын емес, бұл ретте несие сомасы бірнеше жалақыны құрауы мүмкін. Бірақ жеңілдік кезеңі болмайды, сондықтан ақшаны пайдаланғаны үшін жылдық 50%-ға дейін төлеуге тура келеді. Бұл несие одағына кіру үшін ақша төлеуді есептемегенде;
  • Жодаманы бөліп төлеуге алу. Кейбір туристік фирмалар «Барлығы қосулы» жолдамаларына пайызсыз бөліп төлеуді ұсынады. Бөліп төлеу мерзімі әдетте екі-үш айдан аспайды. Бөліп төлеуді қосымша қызметтері бар қымбат турларға келісетін адамдарға үлкен ынтамен береді;
  • Ломбард, көлік кепілімен берілетін ақша. Бүгінгі таңда ақшаны көлік жүргізу құқығынсыз ғана емес, тіпті көлік жүргізу құқығын сақтай отырып, оның ішінде шетелге шығу үшін көлік кепілімен де оңай алуға болады. Соңғы нұсқа жеке көлігімен демалуға баратындар үшін ыңғайлы.

 

Неліктен автоломбардты пайдалану керек?

 

Avto-dengi.kz («Деньги Маркет» компаниясы) ломбардында демалысқа ақша алудың бірнеше даусыз артықшылықтары бар. Ақшаны пайдаланғаны үшін пайыз басқа кепілсіз қарыздармен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Пайыздық мөлшерлеменің шамасы қарыз сомасына байланысты және күніне 0,15% бастап құрайды. Жалғыз шарт – техникалық жай-күйі жарамды, 1994 жылдан аспайтын көлік құралының болуы.

«Деньги Маркет» автоломбардында көліктің бағалау құнының 90% дейін қомақты сома алуға болады. Демалысқа ақша алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болу және автоломбардтың кеңсесі бар қалада тіркелу керек. Қарыздар 19 жастан 70 жасқа дейінгі барлық азаматтарға төрт құжатпен – жүргізуші куәлігімен, көліктің техникалық төлқұжатымен, ҚР азаматының төлқұжатымен және МАҚЖ сақтандыру полисімен беріледі. Ешқандай кірістер туралы анықтамалар және кепілгерлер қажет емес, жасырын комиссиялар мен артық төлемдер жоқ.

Компанияның avto-dengi.kz сайтында қарыз алуға онлайн өтінім беруге болады. Біздің менеджер сізбен байланысып, барлық егжей-тегжейлерді нақтылайды. Одан кейін көлігіңізбен жақын жердегі бөлімшеге келу, құжаттарды ұсыну және шарт ресімдеу ғана қалады. Орташа есеппен өтінім беру және ақша алу екі сағаттан аспайды. Автоломбардтың қызметтері артық сұрақтарсыз және құжаттарсыз ақшаны тез алғысы келетіндер үшін өте ыңғайлы. Бүгін автоломбардқа жүгінсеңіз, ертең сіз Қара немесе Жерорта теңізінің құмды жағажайында демалатын боласыз.