Өз қалаңызды таңдаңыз:
Астана
Өз қалаңызды таңдаңыз:
Астана
Өтінім нысаны
«Деньги Маркет» маманы сізге 7 минут ішінде қоңырау шалады
«Маған қайта қоңырау шалу» батырмасын басып, сіз деректерді өңдеу шарттарымен келісесіз

Автоломбардтың көлікті сатуға құқығы бар ма?

Автоломбардтар күн сайын қаржы қызметтері нарығында көбірек танымал болып келеді. Мұның бірнеше себептері бар: қарызды жылдам алу, шарт жасасу үшін құжаттардың ең аз тізімі, қарыздың шамасы көліктің бағалау құнының 80-90% жетуі мүмкін, ақшаны алғаннан кейін кепілдегі көлікті пайдалану мүмкіндігі. Көлік иелерінің біраз бөлігін төлемнің мерзімін сәл кешіктіріп, темір тұлпарынан айырылып қала ма деген сұрақ алаңдатады. Жылдам қарыз тым қымбат емес пе екен?

Автоломбардтың құқықтары

Автокөлік ломбардқа кепіл мүлкі ретінде берілген бойда ол оның сақталуына, ықтимал зақымдаулар және жоғалуына бірден жауапкершілік алады. Клиент қарызды уақытында өтесе, автокөлік оған бірден қайтарылады. Бірақ кепіл мен негізгі қарыз бойынша пайыздар төленбесе ше?

Процедура келесі:

  • Егер клиент қарыз бойынша міндетті төлемді өткізіп алса, онда келесі ай ішінде оған қарыз шарты бойынша жеңілдікті кезең белгіленеді. Осы айда несие бойынша мөлшерлеме ұлғаймайды, айыппұлдар салынбайды, көлік құралын сақтау шарттары өзгермейді және сақтау үшін ақы алынбайды;
  • Мерзімі кешіктірілген жағдайда автокөлікті сақтау шарты бойынша да екі айлық жеңілдікті кезеңі қосылады. Бұл мерзімде сақтау шарттары нашарламауы керек, бірақ автоломбард клиенттен кепілге қойылған көлікті сақтауға байланысты шығындарды өтеуді талап етуге құқылы;
  • Қарыз алушы белгіленген мерзімде негізгі борышты немесе тек қана пайыздарды өтеуге, ал қарыз беру шартын белгіленген мерзімге ұзартуға құқылы. Егер клиент борышты төлеуден бас тартса, онда көрсетілген мерзімдер аяқталған соң автокөлік талап етілмеген көлік мәртебесіне ие болады. Автоломбардқа негізгі борыш пен ол бойынша пайыздар есебіне, сондай-ақ көлікті сақтағаны үшін шығындар есебіне ақша өндіріп алу мақсатында оны сату құқығы беріледі.

 

Соттың істі қарауы

Егер істі бейбіт жолмен шешу мүмкін болмаса, автоломбард кепілге қойылған көлікті тек сот шешімі бойынша сатуға құқылы. Көлік құралын сату ашық аукцион арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте автокөліктің құны қарыз беру шартында көрсетілген оның бастапқы бағалау құнына тең болады. Егер көлікті бірінші сауда-саттықтарда сату мүмкін болмаса, онда кейін оның құны төмендейді.

Көлікті сату бағасы автоломбардтың барлық шығындарын өтей алмаса, компанияның қарыз алушыға наразылықтары бәрібір тоқтатылады. Егер сату бағасы көліктің бағалау құнынан және ломбард шығындарының шамасынан асып кетсе, онда артық сома бұрынғы клиентке қайтарылады. Ол ақшаны көлікті сатқаннан кейін үш жыл ішінде алуға құқылы. Қарыз алушы ақша алуға жүгінбеген осы үш жыл аяқталған соң ақша автоломбардтың иелігіне көшеді.

Егер сатылған көліктің құны шеккен шығындардан айтарлықтай төмен болса, онда сот шешімі бойынша автоломбард борышты төлеу есебіне бұрынғы қарыз алушыдан өткізу үшін басқа мүлікті талап ете алады. Клиенттің басқа мүлкі, егер ломбард бірнеше ай ішінде кепілге қойылған көлікті сата алмаған жағдайда да сауда-саттыққа қойылады. Бұл жағдайда көлік құралы өз иесіне қайтарылады. Алайда, бұл әрекеттерді қалыптасқан жағдайдың барлық нюанстарын ұғынған сот қана шешуге құқылы.

Ломбардқа кепілге берілген автокөліктен айырылуға болады, бірақ ол үшін борышты төлеу бойынша барлық міндеттемелерден толығымен бас тарту керек. Көп жағдайда төлемдерге қатысты барлық мәселелер бейбіт жолмен шешіледі, тараптар келісіп, мәмілеге келуге тырысады. Бұл клиенттермен және «Деньги Маркет» автоломбардтың (avto-dengi.kz) жұмыс істеу принципі. Мұнда сіз көлікті басқару құқығынсыз да, қарызды берудің барлық мерзімі ішінде өз көлік құралын пайдалану мүмкіндігімен де көлік кепілімен қарыз ала аласыз.