лого
Өз қалаңызды таңдаңыз:
Астана
8 (700) 700-77-07
лого
Өз қалаңызды таңдаңыз:
Астана
Өтінім нысаны
«Деньги Маркет» маманы сізге 7 минут ішінде қоңырау шалады
«Маған қайта қоңырау шалу» батырмасын басып, сіз деректерді өңдеу шарттарымен келісесіз

Қайта қаржыландыру кезінде қарызды қалай азайтуға болады?

Борыштық міндеттемелерді қайта қаржыландыру – несиелік сектордың кең тараған өнімі, оны ақшамен айналысатын барлық дерлік адамдар, соның ішінде мемлекеттер, корпорациялар, кәсіпкерлер және қарапайым азаматтар пайдаланады.

Адамдар нашар шарттармен – жоғары пайыздармен, қысқа төлеу мерзімдерімен немесе басқа да «күтпеген кедергілермен» қарыз ресімдейтін жағдайлар сирек емес. Мұның себептері әртүрлі болуы мүмкін, соның ішінде асығыс немесе жеткіліксіз хабардар болуы, бірақ нәтижесі бір – сіз ақшаны, жүйкені және уақытты жоғалтасыз.

Сондықтан «Денги Маркет» автоломбарды (avto-dengi.kz) көлік немесе КҚТ кепілімен берілетін несиені қайта қаржыландыру қызметін ұсынады. Шын мәнінде, бұл дәл сол қарыз, бірақ жағдайға байланысты сіз пайыздық мөлшерлемені төмендете аласыз, несие сомасын арттыра аласыз немесе оны өтеу мерзімін ұзарта аласыз.

 

Бұл қалай жұмыс істейді?

 

Басқа микрокредиттік ұйымда борышыңыз бар делік, бірақ төлемдер мен жоғары пайыздарды жабуға мүмкіндік жоқ. Біз сіздің қарызыңыздың ауыртпалығын өзімізге алып, төмен пайыздық мөлшерлемені ұсынамыз. Бұл ретте басқа несие берушідегі қарыз мерзімінен бұрын өтелетін болады.

Қайта қаржыландыру процесі өте қарапайым. Сізден:

• Қайта қаржыландыруға өтінім қажет. Сіз оны сайт арқылы немесе ең жақын бөлімшеге барған кезде беріп, менеджерлерден кеңес ала аласыз;

• Несие ұйымынан ағымдағы күнге берешектің болуы туралы анықтама қажет.

Мамандардың өтінімдерді қарауға шамамен екі сағат кетеді. Шешім оң болса, клиент қарызға өтінім ресімдеу үшін кеңсеге шақырылады.

Қалғанында қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша қарыз ресімдейтін клиенттерге қойылатын талаптар стандартты болып келеді:

• көлік құралы ҚР-да, жол полициясында не болмаса (егер ол арнайы техника болса) әкімдікте есепте тұруы тиіс;

• автокөлікте шектеулер (қамаулар), (кепілдер), (тыйымдар) болмауы керек;

• 1994 жылы немесе одан кейін шығарылған автокөлік;

• автокөлікте ірі ЖКО белгілері болмауы керек;

• көлік қозғалыста, техникалық жай-күйі жарамды.

Қарыз сомасы көліктің бағалау құнының 90% дейін құрауы мүмкін. Сондай-ақ сізде айыппұлдар мен өсімпұлдарды төлемей, қарызды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігіңіз болады.