Автокөлікті автоломбардтан қайтару кезінде қандай тәуекелдер туындауы мүмкін?
Егер сіз сенімді ломбардты таңдасаңыз және қарыз бен пайыздарды уақытында өтеуге мүмкіндігіңіз болса, онда тәуекелдер болмауы керек. Автокөлік (немесе КҚТ) ломбардқа кепілге қойылды, ақша алынды және шұғыл істерге бағытталды. Көлікті қайтарып алуды ойлайтын кез келді.
Көлік сатып алу туралы
Көлікті қарыз алушының өзі не болмаса біздің ұйымға қарыз алушының қолы қойылған және нотариус куәландырған кепілге қойылған көлікті тіркеуден шығаруға және сатуға арналған сенімхатты алдын ала ұсынған үшінші тұлға сатып алуы мүмкін. Егер қарыз шартын жасау кезінде сізді автокөлікті сатып алу-сату шартын жасауды сұраса («алдын ала, керек болған жағдайда»), сақ болу керек, өйткені мұндай тәжірибе адал автоломбардтарда құпталмайды.
Қажетті шарттар
Шартта белгіленген мерзімде қарызды және ол бойынша пайыздарды толық өтеу көлікті қайтарып алудың негізгі шарты болады. Барлық төлемдер аяқталған болса, сізге қажетті құжаттарды ұсынып, көлікті алуыңызға болады:
- кепіл билеті;
- қарыз шартының көшірмесі;
- мүлікті қабылдау-табыстау құжаты.
Егер құжаттар қолыңызда болса, ешқандай қиындықтар туындамауы керек. Қарыз алушы кепіл билетін кездейсоқ жоғалтып алуы мүмкін, бірақ бұл проблема емес. Заң бойынша ломбард кепіл билетінің телнұсқасын көлік иесінің жазбаша өтінішінен кейін және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін береді.
Қабылдау-табыстау актісіне қол қоймас бұрын автокөлікті қарап шығу ұсынылады, өйткені сіз қойған қолыңыз автокөліктің жарамдылығын және ломбардқа қандай да бір наразылықтардан бас тартатынын растауы болып табылады.
Көлікті тексеріңіз!
Автоломбард көлік құралының сақтығы үшін жауапты. Көлікті қабылдау кезінде көлік құралын тексеру актісі жасалады, оған шанақтағы немесе көлік салонындағы барлық ақаулар, сондай-ақ одометр көрсеткіштері туралы ақпарат енгізіледі.
Ломбардтың автокөлікті кепілде тұрған кезде пайдалануға немесе оны үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ. Дегенмен, қарыз алушыға оны тұраққа қою алдында одометр көрсеткіштерін, сондай-ақ көліктің ішкі және сыртқы көрінісін суретке түсіруге ұсынылады.
Негізгі тәуекелдер
Басты тәуекел - артық шығындарға тап болу не болмаса көліктен мүлдем айырылу. Автоломбард көліктерді сатады ма? Тек қана назардан тыс қалған жағдайларда, клиент қарызды ұзақ уақыт бойы төлемеген кезде және тек аудандық соттың қаулысы бойынша.
Өмірде форс-мажордан ешкім сақтанбаған, сондықтан алдымен шартты мұқият зерттеп, өз қаржылық мүмкіндіктеріңізді бағалаңыз және содан кейін ғана қарызды алу немесе алмау туралы шешім қабылдаңыз. Егер сіз күтпеген жағдайға тап болсаңыз және төлемдерді кешіктірсеңіз, мынаны есте сақтаңыз:
- Қарыз бойынша міндетті төлемді өткізіп алдыңыз – ештеңе етпейді. Төлемді қысқа мерзімде жауып, сіз несие бойынша мөлшерлеменің, айыппұл санкцияларының немесе көлікті сақтағаны үшін қосымша төлемдердің ұлғаюынан құтыласыз;
- Қарыз төлеу бойынша мерізімін кешіктіру орын алды – сізде қарызды өтеу немесе ұзартуға 2 ай жеңілдік мерзім бар, алайда автоломбард кепілге қойылған көлікті сақтаудың қосымша уақыты үшін клиенттен өтемақы талап етуге құқылы;
- Борышты төлеуден бас тартқан жағдайда, қарыз алушы көлік құралынан айырылуы мүмкін. Бұл сирек кездеседі, бірақ қарызды төлеуден бас тартқан жағдайда, автоломбард заңға сәйкес қарыз алушының ұйым алдындағы борыштарын өтеу есебіне автокөлікті сатуға қол жеткізеді.
Уақытылы төлемдер күтпеген жағдайлардан және артық шығындардан қауіпсіздендіреді. Төлеу кестесін сақтаңыз, мүмкіндігінше қарызды алдын ала жабыңыз, avto-dengi.kz автоломбардының менеджерлерінен кез келген қызықтыратын мәселелерді нақтылаңыз.
Егер сіз әлі де ломбард қызметтерін пайдалану немесе жақын банкке жүгіну туралы ойланып жатсаңыз, «Банк немесе автоломбард, қайсысы жақсы?» мақаласымен танысуды ұсынамыз.