лого
Өз қалаңызды таңдаңыз:
Астана
8 (700) 700-77-07
лого
Өз қалаңызды таңдаңыз:
Астана
Өтінім нысаны
«Деньги Маркет» маманы сізге 7 минут ішінде қоңырау шалады
«Маған қайта қоңырау шалу» батырмасын басып, сіз деректерді өңдеу шарттарымен келісесіз

Кімге көлікті ломбардқа тапсырудың маңызы бар?

Автоломбард – бұл жеке көлігі бар, бірақ осында және қазір керек ақшасы жоқ адамдар үшін мәселенің шешімі. Неге банктер емес? Күрделі ресімдеу, несиені пайдаланғаны үшін пайыз жоғары және міндетті түрде ыңғайсыз шарттардың болуы. Достар немесе таныстар арқылы қарыз алу? Жылдам, бірақ тәуекелді. Ең сенімсіз нұсқалардың бірі, өйткені сенімге негізделген қаржылық қатынастар жиі жанжалдар мен келіспеушіліктерге әкеледі.

 

Неліктен автоломбард дұрыс шешім?

Автоломбардтар ақша алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда, жұмыс жасау шарттарымен тиімді ерекшеленеді. «Деньги Маркет» (avto-dengi.kz) – нарықтың ресми және адал қатысушысы. Біздің жұмысымыз толығымен айқын, ол туралы сіз жүздеген клиенттердің пікірлерінен біле аласыз. Біз Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес несие беру қызметтерін ұсынамыз, ал жұмыс жасау шарттарымен және принциптерімен сіз әрқашан сайтта таныса аласыз. Автомбардтарда көлік немесе КҚТ кепілімен берілетін қарызды әдетте не үшін алады?

 

  1. Демалысқа. Ең таралған нұсқалардың бірі. Автоломбардқа келіп, жақсы шарттармен қарыз алуға болғанда, отбасылық бюджетті немесе жеке жинақ ақшаны демалысқа жұмсаудың қажеті қанша?
  2. Шұғыл сатып алу немесе жөндеу. Бюджетте форс-мажорға ақша жоспарланбаған жағдайлар сирек емес. Шешім – ломбардқа жүгіну;
  3. Бизнес. Жеке стартап ашып жатырсыз ба немесе шұғыл айналым қаражаты қажет пе? Автокөлік немесе КҚТ кепілімен берілетін қарыз туралы ойланыңыз. Сізге, кем дегенде, уәде етілген инвестицияға бизнесіңізді біреумен бөлісуге тура келмейді.

 

Біз қалай жұмыс істейміз?

«Деньги Маркет» автоломбардымен жұмыс істеудің ең ыңғайлысы – көлік кепілімен немесе КҚТ кепілімен берілетін қарыз арасында таңдау мүмкіндігі. Егер автокөлік сапарлар үшін қажет болса, онымен қоштасу міндетті емес. Бұл жағдайда КҚТ кепілімен берілетін қарызды таңдау жеткілікті. Бұл ретте шарттар көлік кепілімен берілетін қарыздан сәл өзгеше болады, бірақ шапшаңдық пен ыңғайлылық ешқайда кетпейді. Көлік күзетілетін тұраққа жөнелтілгенде, жүргізу құқығынсыз қарыз кезінде сіз көліктің бағалау құнының 90% дейін ала аласыз. Егер қарыз жүргізу құқығымен болса, оның нарықтағы бағасының 80-нен 90 пайызына дейін алуға болады. Қарыз сомасына байланысты қарыз қаражатын пайдаланғаны үшін пайыз күніне небәрі 0,15%-дан 0,19%-ға дейін өзгереді! Ал бұл банктегі тұтынушылық несиеге қарағанда тиімдірек. Қарыз мерзімі 1 айдан 1 жылға дейін құрайды, ал өтеу кестесі мен төлемдердің мерзімін кешіктірген жағдайда өсімпұлдарды есептеу ережелері әрбір клиентпен жеке талқыланады.