Kaiyi маркасы қытайлық Chery концернінің құрамына кіреді. Сертификаттау X3 және X3 Pro атты модельдерді сатуға мүмкіндік береді. Жаңа өнімде бензинді күш қондырғысының екі нұсқасы болуы мүмкін екені белгілі, бірақ кроссоверді сатудың басталу мерзімдері әлі белгіленбеді.
Құжаттарда аталып өткен екі қозғалтқыштың көлемі 1,5 литр. Негізгі нұсқасы 113 а.к. мен 138 Нм айналу сәтін дамытады және тек механикалық қорабымен үйлеседі. Неғұрлым қуатты нұсқасы 147 а.к. мен 210 Нм айналу сәтін қамтамасыз етеді және вариатормен бірге жұмыс істейді. Бұл ретте екі жағдайда да жетек тек алдыңғы өсте болады.
Доңғалақ базасы 2632 мм кезіндегі Kaiyi X3 өлшемдері - 4400×1831×1653 мм. Осылайша, ол әлеуетті бәсекелес Hyundai Creta-дан ғана емес, мысалы, «арба» компоненттері мен мотор гаммасы сияқты бірқатар құрылымдық шешімдерін бөлісетін Chery Tiggo 4-тен де сәл үлкендеу. Айта кетсек, Tiggo 4 Pro бағасы 10,5 миллион теңгеден басталады.
Kaiyi X3 арналған жабдықтың арасында ҚҚТМ-да негізінен жүргізуші көмекшілері: круиз-бақылау және көлікті қою мен шұғыл тежелу кезіндегі көмекшілер аталған. Құжатқа сәйкес Қазақстанға «икс үшіншіні» Қытайдан жеткізу жоспарлануда. Дегенмен, шағын жол талғамайтын көлік нарықта шынымен пайда бола ма, әлде жоқ па, ол әлі белгісіз. Соған қарамастан, алматылықтар қала көшелерінде қазақстандық жеке нөмірімен жүрген мұндай кроссоверлердің бірін байқап үлгерді – шамамен бір апта бұрын фотосуреттер «Қытай автокөліктері KZ» телеграм-каналында жарияланған болатын..
Kaiyi маркасының модельдерінің бірі жақын арада ресейлік «Автотора» конвейеріне қойылуы мүмкін. Бұл туралы әлі ресми түрде хабарланған жоқ, бірақ зауыттың өзі құрастыру желісінен бірнеше фотосуреттерді жариялады, оларда түсірілген көліктегі кейбір бөлшектерге сәйкес Kaiyi Xuandu седанын анықтау мүмкін болды.